Қазандық жарылып, бір адам қаза тапты

Қазандық жарылып, бір адам қаза тапты
Сурет видео скрині

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқыс оқиға кезінде моншада адам болмаған. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.