Н. Оразалин: Декларацияда ең бірінші ерлікке барған сөз - шекараны анықтап алу

Н. Оразалин: Декларацияда ең бірінші ерлікке барған сөз - шекараны анықтап алу
Сурет: ашық дерекөз

«Декларацияда ең бірінші ерлікке барған сөз - шекараны анықтап алу болды». Бұл тіл тәуелсіздігінің белгісі екенін ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Нұрлан Оразалин айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Almatу.tv-ке сілтеме жасап.

 - Қазақ елі бір жағынан жарылайын деп тұрған бомбаның үстінде отырған сияқты. Сондай жағдайда декларация талқылауға түсті. Мен айтып отырған декларацияның ақбұраулы алтын қазықтары сол жерде додаға түсті. Қазақ елінің ұлы тарихында ең алғашқы 300 жылда орыс боданында болып келген елдің бұлқынып, өте сауатты, ыждахатты, тарихи құжаты өмірге келді, - деді ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Нұрлан Оразалин