Болат Әбділманов: Бұл мерекені әрбір азамат жүрегімен сезінуі керек

Болат Әбділманов: Бұл мерекені әрбір азамат жүрегімен сезінуі керек
almaty.tv

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Болат Әбділманов  бірлік, елдік, татулық, ынтымақты әрбір азамат жанымен, жүрегімен сезініп, жаңа Қазақстанды құру жолында өзінің үлесін қосуы тиіс, - деп өз ойымен бөлісті.

 - Біз осындай сәттерде Абайдың даналық сөздеріне зер саламыз. Сонымен таразылаймыз. Абайдың даналық сөздерінде айтады, біздің бұрынғы бабаларымыз елдік мәселе көтерілгенде бас араздықты тастап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бас басына би болмай бір адамға бағынушы еді дейді. Бұл сөздің арғы жағында бірлік тұр, елдік тұр, татулық, ынтымақ тұр. Қазақстан менің алтын мекенім, есіміңді әнге қосып өтемін. Қалай ғана тауып айтқан аталар, бірлік болмай тірліктің жоқ екенін. Сондықтан бізге керегі бірлік, - дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.