Елордада «Жасырын неке» операсы сахналанады

Елордада «Жасырын неке» операсы сахналанады
Сурет: Аstana-akshamy.kz

Ерекше қойылым

«Жасырын неке» операсы сахналанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Астана Опера» театрында кезекті премьера. Елордада алғаш рет Доменико Чимарозаның «Жасырын неке» операсы сахналанады. Туындыны қоюшылар оны көрерменге ерекше мәнерде жеткізуге ден қойған.

Бұл ең алдымен сахнаны әрлеуге қатысты. Әсерлі декорация калейдоскоп негізінде құрылған. Сондай-ақ алып жасанды шаш үлгілері де көптің көңілінен шығуы тиіс, - дейді мамандар.

Қойылым өткен дәуірге саяхат жасатады. Партияларды Талғат Ғалеев, Алдынбек Әбілдә, Евгений Чайников, Ержан Саипов, Әсем Сембина, Салтанат Ахметова сынды өнер ошағының сахна саңлақтары сомдайды.

Олардың сөзінше, танымал қойылым бұл жолы өзге қырынан танылып, жаңа мәнерде ұсынылады.

«Бұл жерде басты партиялар жоқ. Қойылымда барлығы – негізгі партия. Бұған дейін қойылған «Жібек баспалдақ» және «Дон Паскуале» сынды үлгілерінен өзгешерек болады. Ол ең алдымен үлкен көлемдегі ансамбльдер. Олар музыкалық жағынан қойылымды біршама түрлендіре түсті» , - деді қоюшы дирижёр Абзал Мұхитдин.