Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков қайтыс болды
Сурет: интернеттен

Желіде тараған қайғылы хабарды әншінің отбасы мүшелері растаған.

Әнші, музыкант, «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салған. Әнші 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды.

2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Музыкант 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.