Қазақстанның жеті өңірінде күн райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті өңірінде күн райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Республиканың жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысында Семейде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.

ШҚО-да Өскеменде, Риддерде екінші деңгейлі қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, 25 м/с-ке жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі, орталығында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.