Тоқаевты Санкт-Петербургтегі Ельцин кітапханасында Путин күтіп алды

Тоқаевты Санкт-Петербургтегі Ельцин кітапханасында Путин күтіп алды
Сурет: Ақорда

Мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік.