Қазақстанның 12 оқушысы Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанды

Қазақстанның 12 оқушысы Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанды
сурет:baq.kz

Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстанның 12 оқушысы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

Әлихан Смет– Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Инсар Имаш – Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері: 

- Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Шәкір Жақсылық – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

- Диас Қоршыбек - мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

- Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Әліби Мұғалім - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

- Әділжан Молдағұл - Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

- Абылай Кабдулхадыр - Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

- Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім» номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.

Айта кетсек, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.