Қазақстанның 100-ге жуық оқушысы шахматтан олимпиадаға қатысады

Қазақстанның 100-ге жуық оқушысы шахматтан олимпиадаға қатысады
Сурет: Еl.kz

Бұл жоба алдағы уақытта мектеп спорты аясындағы маңызды шаралардың біріне айналады.

Жеңімпаздарға тағайындалған жүлде қоры – 500 мың теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл елімізде алғаш рет Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшысы Сағдат Садықовтың айтуынша, олимпиадаға ел бойынша қала, аудан, облыстық іріктеу кезеңдерінен өткен 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады.

Республикалық кезең 1-5 сәуір аралығында Астанада өтеді. Олимпиада Халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапидтік (командалық) форматта өтеді. Жеңімпаздарға тағайындалған жүлде қоры – 500 мың теңге.

«Мемлекет басшысының қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылды. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл оқушылар арасында арнайы олимпиада басталды. Мектепішілік кезеңде 319 мыңнан аса оқушы қатысып, үздіктер елордада бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады», – деді Сағдат Садықов.