Қазақстандықтар үкімет отырысына қатыса ала ма?

Қазақстандықтар үкімет отырысына қатыса ала ма?
Сурет: Аqorda_resmi

Азаматтар пікір білдіре алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.

"Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруға мүмкіндік беріледі", – делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.

Құжат 20 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.