Қазақстандық спортшы Лукин Богдан семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Лукин Богдан семсерлесуден әлем чемпионатында алтын жеңіп алды
Сурет: Inform.kz

Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні спортшымыз Лукин Богдан семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников және София Ақтаева 1/8 финалда жеңіліп, медальға бір қадам қалғанда жарысты тоқтатты.

Бүгін командалық кездесулер өтеді.