Қарағандыдан Екібастұзға көмектесуге тағы 70 маман аттанды

Қарағандыдан Екібастұзға көмектесуге тағы 70 маман аттанды
Сурет: Halyquni.kz

Қарағандыдан осымен жетінші күн жылусыз отырған Екібастұз қаласына қалпына келтіру жұмыстарына ат алысу үшін құрылыс және коммунальдық кәсіпорындардың бір топ қызметкері аттанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев парақшасында Екібастұзда жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін Қарағандыдан 70 маман жолға шыққанын жазды.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен бригада құрылды. Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. «Энергоцентр» ЖШС,»Қарағанды Су» ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын», - деп жазды ол.