Қазақстандағы цифрландыру жүйесіне жоғары баға берілді

Қазақстандағы цифрландыру жүйесіне жоғары баға берілді
Сурет: Ortcom.kz

Дауыс беруге өз балаларын әкелген азаматтар болашақ ұрпаққа сайлаудағы атмосфераны сезінуге мүмкіндік берді. Бұл, сөзсіз, демократияға бастайтын жол. Халықаралық байқаушылардың пікірі осы.

Жалпы, Түркиядан келген мамандар Қазақстандағы цифрландыру жүйесі және оның сайлау кезінде пайдаланылу деңгейіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсету порталы арқылы сайлау учаскесін анықтап, құжатты электронды түрде пайдалану мүмкіндігі ерекше таңғалдырды, - дейді. Шетелдіктер учаскелерде санитарлық талаптарды сақтау, дәрігерлер мен еріктілер қызметінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Байқаушы ретінде ешқандай олқылық орын алмағанын айтқым келеді. Басқа түркі мемлекеттерімен салыстырғанда, қазақстандықтардың саяси белсенділігі жоғары. Мәселен, тұрғындар дауыс беріп болғасын суретке түсіп жатыр. Осы арқылы сайлауға өз еріктерімен, азаматтық парызын өтеуге келгені көрініп тұр», - дейді халықаралық байқаушы Юксел Өзкан.