Қазақстан қазір дамудың өте маңызды кезеңінде тұр - бақылаушы

Қазақстан  қазір дамудың өте маңызды кезеңінде тұр - бақылаушы
Сурет: Elorda.info

Андре Марсель Рейшар - еліміздегі сайлау науқанының өту барысын бақылауға келген 600 халықаралық байқаушының бірі.

Халықаралық байқаушы 8 сайлау учаскесін аралаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазақстан дәл қазір дамудың өте маңызды кезеңінде тұр", - деп есептейді Франция сенаторы, Еуропа істері жөніндегі тұрақты комитет төрағасының орынбасары Андре Марсель Рейшар. Ол - еліміздегі сайлау науқанының өту барысын бақылауға келген 600 халықаралық байқаушының бірі. Саясаткер 8 сайлау учаскесіне бас сұғып, сайлаудың өту барысын жіті қадағалаған. 

 «Мен сайлау процесінің өту барысын қалыпты деп бағалаймын, барлығы штаттық режимде өтуде. Процесс стандартты қадамдардан тұрады: сайлаушы келеді, жеке куәлігін көрсетеді, жергілікті сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізімінен табады, сосын ол қол қояды, тек сосын ғана оған жалғыз сұрағы бар бюллетень беріледі. Ең бастысы, «бір сайлаушы – бір дауыс» деген негізгі принципті ұстануға барлық жағдай жасалған», – деді ол.