Балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керек

Балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керек
Almaty-akshamy.kz

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халық Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста бірнеше жақсы баяндамалар жасалды. Соның ішінде Аналар кеңесінің мүшелерінің баяндамаларын атап айтқан жөн. Аналар - қазіргі таңда біздің қоғамды тәрбиелеушілердің ішіндегі ең негізгісі. Адам баласы дүние есігін ашқан кезде, "ана" деген медреседе оқиды және "ана" деген тәрбиешінің тәрбиесін алады. Сондықтан қоғамды тәрбиелеуде ананың ролі зор. Қазіргі заманғы өзекті тақырыптар бойынша өте тамаша баяндамалар жасады. Қазақстан халық Ассамблеясының өңірдегі өкілдіктер арасында аналар мектебіне ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды. Сонымен қатар, баяндамашылар тарапынан интернет жүйесіне қатысты мәселелер де қозғалды. Қазіргі таңда балалардың интернетке көп уақытын жұмсайтындығы туралы проблемалар көтерілді. Соның алдын алу үшін балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, оларды спортқа баулу жөнінде Мемлекет басшысы тарапынан қолдау көрсетілді. Осы тұрғыда жергілікті билік өкілдеріне жұмысты жетілдіруге нақты тапсырмалар берілді. Балалардың смартфонмен көп уақыт өткізетініне байланысты және тағы басқа мәселелермен Мемлекет басшысы, өңірлік билік өкілдері және халық болып бірлесіп күресетін болсақ, бұл жарқын бастама болмақ.