Тарифті көтеру арқылы электр желілерін жөндеу, ауыстыру мүмкін болмақ - Жолдау

Тарифті көтеру арқылы электр желілерін жөндеу, ауыстыру мүмкін болмақ  - Жолдау
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауды қолдау.

Сабыржан Қали, «Жергілікті «Серіктес» Кәсіподағы» ҚБ төрағасы: 

Мемлекет басшысы айтқандай, шынымен, электр желілерінің 3/2 бөлігі тозып кетті. Оны біз де білеміз, Алматы тұрғындары да біледі. Тарифті көбейтпесек, электр желілерін жөндеуге де, ауыстыруға да қаражат болмай жатыр. Бірақ ол бірден көбейтілмейді. Және біздің жұмысшылардың жалақысы көтерілсе, жұмыс та көбірек болады. Тариф көтерілсе, біз желілерді ауыстырамыз, Қазір мемлекет тарапынан біраз қаражат бөлінейін деп жатыр. Бұл да бір қуантарлық жағдай. Одан бөлек жылу желілері бар, су желілері бар. Олар да ескіріп келе жатыр. Үшіншіден, жас бизнесмендерге көмек береміз екі пайызбен кредиттер береміз деп жатыр. Ол да бизнеске үлкен бір серпін беретін шығар деп ойлаймыз. Себебі, жастар әрқашан да өздерінің авторлық идеяларын шығарып, жұмыс істей алады.