Қазақстанда бір тәулікте 41 жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

Қазақстанда бір тәулікте 41 жол апаты болып, 5 адам қаза тапты
сурет:pravda.com.ua

Статистикаға адамдар зардап шеккен жол апаттары енгізілген. 

Қазақстанда сенбі күні, 16 сәуірде 41 жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, 41 жол апатынан 46 адам жарақат алған, 5 адам қаза тапты.

Статистикаға адамдар зардап шеккен жол апаттары енгізілген. 

Ал астанада осы күні жалпы саны 240 жол-көлік апаты болған. 

Еске салайық, Астанада 15 сәуірде қар жауып, қалада көлік қозғалысы нашарлаған. 16 сәуірге қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 24 мың текше метрден астам қар шығарды. Қалың жауған қарға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.