Қазақстанда балаларға жиі қойылатын есімдер қандай?

Қазақстанда балаларға жиі қойылатын есімдер қандай?
Сурет: интернеттен

Ұлттық статистика бюросының мәліметі.

Биыл туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер былтырғыдан айтарлықтай өзгере қойған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі алғашқы ондыққа кірген есімдермен таныстырды.

2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

2023 жылдың танымал 10 есімі

Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза

Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.

2013 жылдың танымал 10 есімі

Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан

Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана.