Қазақстанда алғаш рет «Жасыл ипотека» іске қосылады

Қазақстанда алғаш рет «Жасыл ипотека» іске қосылады
Сурет: Kn.kz

Алғашқы жарна 20% болады.

2023 жылы жаңа ипотекалық бағдарламаны «Отбасы банк» ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар ол бағдарламаның көмегімен «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер алу үшін несиеге өтініш бере алады.

«Жасыл ипотека» бойынша алғашқы жарна - 20%. Ал, несие мөлшерлемесі 12,5% болады. Оны клиент алғашқы 10 жыл ғана төлейді, кейін берешек 3,5%- 5%- ға дейін төмендейді.

«Жасыл ипотека» бойынша несиенің ең жоғары сомасы 35 млн теңге. Кредит тек жаңа баспана сатып алуға қолданылады. Тағы бір ескеретіні, мұндай несиемен тұрғын үйді «ӨМІР», «Р МЕМСТ», «BREAM» немесе «LEED» стандарттарына сәйкестік сертификаты банк нысандардан ғана сатып алуға болады.