Қазақстан шекарасының техникалық күзет жағдайы нашар

Қазақстан шекарасының техникалық күзет жағдайы нашар
Сурет: Egemen.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан шекарасының 16 пайызы ғана техникалық күзет жабдықтарымен жарақталғанын айтты

Бұл туралы Шекара қызметінің директоры мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 
«Қазір Қазақстан шекарасының 16 пайызы ғана шекараны күзететін техникалық жабдықтармен жарақталған. Бұл өте аз екенін түсінетін шығарсыздар. Негізінен бұл Қытай бағыты. Қалған шекарамызды тек адамдар күзетіп тұр. Бұл проблеманы бәрі біледі. Қаржы біртіндеп бөлініп жатыр. Өйткені қажеттілік өте үлкен. Оның сомасын айтқым да келіп тұрған жоқ», - деді Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.