Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын

Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын
Cурет: Egemen.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына экспортты арттыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі таңда өндірістік қуатымызды дамыта отырып, біз өзара тиімді негізде шетелдік өнімдердің көптеген түрлерін бір-бірімен алмастыра аламыз. Экспорттық-импорттық операцияларды талдау бұл бағытта кең мүмкіндіктер барын көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия-Ресей» саммитінде.

Осыған байланысты Президент мысалдар келтірді.

«Мәселен, Қазақстан Орталық Азия елдеріне экспортты 1 млрд долларға арттыруға дайын. Сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Ресей Федерациясына жеткізуді 1 миллиард доллардан астам көлемде ұлғайта аламыз. Өңірдің басқа мемлекеттерінде де осындай ресурстар бар екеніне сенімдімін», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.