Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту келді

Париж Олимпиадасына ресми түрде шақырту келді
Сурет: olympics.com

Қазақстанға 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», - делінген хабарламада.

Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.