Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорда кz

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.