Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде үшінші орында тұр

Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде үшінші орында тұр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мамырдан қазан айына дейін 12 985 қызылша жұқтыру дерегі тіркелген.

Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделеніп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы жариялаған әлемдегі қызылша жұқтыру бойынша статистика тізімінде Қазақстан үшінші орында тұр. Орталықтың мәліметінше, елімізде 2023 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін қызылша жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру жағдайы Йемен елінде - 25 261 адам. Одан кейін Үндістан (14 927) жайғасқан.

Соңғы мәлімет бойынша  елімізде қызылша жұқтырғандар саны жиырма мыңнан асты.