Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдау 6%-ға өсті

Қазақстан арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдау 6%-ға өсті
Сурет: 7kun.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев транзиттік контейнерлік тасымал 6 пайызға артқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Көлік саласында 2022 жылдың қорытындысы бойынша физикалық көлем индексі 103,9%-ды құрады. Транзиттік контейнер тасымалы 6 пайызға өсті. Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалдау көлемі 26,8 млн тоннаны құрап, 12,6% пайызды құрады. Жолаушылар тасымалы саласында да оң динамика (2,3% өсті ) байқалады», - деді Марат Қарабаев.

Ол өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін еске салды.

2022 жылы бұл саладағы өсім 1,1 пайызды құраған еді. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 3,4%-ға өсті.