Қазақ тілі ғылым тілі ретінде дамиды

Қазақ тілі ғылым тілі ретінде дамиды
Сурет: Aikyn.kz

Балалардың тілін қазақша шығаруға қажетті заманауи құралдар жарық көреді.

Бұл туралы Ұлттық арнаның «Бас тақырып» бағдарламасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Ол алдағы уақытта қазақ тілі бойынша оқу сауаттылығын, жазу мәдениетін қалыптастыратын жоба жүзеге асады- деді.

«Ал енді оқуға қызықтыру үшін жақсы мәтіндер керек, баланы қызықтыратын. Заманға лайық. Баланың ойына лайық. Баланың деңгейіне сай болу керек.Грамматикалық деп аталады, яғни баланың әр жасына сай, қанша сөз білу керек сол жағы қамтылады», - дейді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ұлттық құрылтай мүшесі Рауан Кенжеханұлы.