Қазақстанда 4 мыңнан аса бала онкологиядан емделіп жатыр

Қазақстанда 4 мыңнан аса бала онкологиядан емделіп жатыр
Сурет: Currenttime.tv

Жыл сайын 600-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталады.

Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі. Дәрігерлер дерттің жасарып бара жатқанына алаңдаулы. Қазір қатерлі ісікке шалдыққан 4 мыңға жуық бала мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 
Жалпы 13 мыңнан астам адам, аты жаман аурудың құрбаны болады. Дәрігерлер ауруды ерте анықтаса дерттен айығуға мүмкіндік бар дейді. Онкологиялық көмек кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Науқастарға 500-ден астам дәрігер ем-дом жасайды. Бүгінде жыл сайын осы бағытта 30 мың ем-дом жасалып жүр .

«Жыл сайын 30 мың онкологиялық операция химиотерапия немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс», - ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник.