«Astana Media Week – 2021» медиаапталығы жұмысын бастады

«Astana Media Week – 2021» медиаапталығы  жұмысын бастады
Сурет: Adindex.asia

«Astana Media Week – 2021» жыл сайынғы медиаапталығы басталды

Іс-шараға беделді әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналисттер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады. AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Astana Media Week-2021 екі күнге созылады. AMW-2021 іс-шарасы онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған. Сонымен, онлайн режимінде «Деректі кино: тәжірбиесі мен болашағы» дөңгелек үстелі және «Медианы дамыту стратегиясы» конференциясы өтеді. Бұл талқылауларға 5 елдің спикерлері қосылады.

«Өткір әлеуметтік тақырыптарды қамту ерекшеліктері» және «Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты дөңгелек үстелдері сарапшылардың, медиаменеджерлердің, журналистер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының басын қосады.

Сонымен қатар Formats Day іс-шарасы ұйымдастырылады. Онда әлемдегі ең ірі телеөнім дистрибьютор-компанияларының өкілдері өнімдерінің тұсаукесерлерін өткізеді.