Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,13 теңгеге қымбаттап, 1 доллар 476,98 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 қазанға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 475, 78 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 479,5 теңге.

Ал Астана қаласында сату бағасы – 475 теңге болса, сатып алу – 480 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,79 - 4,99 теңге, Астанада 4,80 - 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.