Сенбілікке қатысыңыз!

Сенбілікке қатысыңыз!
baribar.kz

Алып шаһардың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту әрбір қала тұрғынының міндеті. Осыған орай Алматының экология департаменті 17 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде өтетін «World Clean up Day 2022» Дүниежүзілік акциясына қатысуға шақырады.

Жыл сайын миллиондаған адам бүкіл әлем бойынша тазалық акциясына қатысып, қоғамдық орындарды қоқыстардан тазартады. Ендеше, Сіз де Алматының тазалығына үлес қосыңыз. Шаһарды көркейту және көгалдандыруға бағытталған сенбілікке қатысыңыз. 

Сенбіліктер өтетін орындар: 

Алатау ауданы. «Әйгерім» ықшамауданы

(жауапты Арман Көкімбаев, тел.: 8 707 165 45 63).

Алмалы ауданы. Төле би мен Райымбек даңғылы арасындағы Үлкен Алматы өзенінің жағалауы (жауапты Абылай Мәкебай, тел.: 8 778 111 55 44).

Әуезов ауданы. Сайран көлінің батыс жағалауы; Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауы, Жандосов көшесінің оңтүстігі

(жауапты Ертай Құрманғалиев, тел.: 8 747 111 22 91).

Бостандық ауданы. Абай мен Өтегенов көшелерінің арасындағы Үлкен Алматы өзені

(жауапты Нұрсұлтан Оразымбетов, тел.: 8 701 666 56 48).

Жетісу ауданы. Ратушный көшесі, 90

(жауапты Қуаныш Иешов Қуаныш, тел.: 8 771 277 77 81).

Медеу ауданы. «Мұзтау» ықшамауданы

(жауапты Алмас Амантай, тел.: 8 708 765 21 59).

Наурызбай ауданы. Райымбек даңғылы «Барлық» базарынан Жуалы көшесіне дейін

(жауапты  Болат Оңғарбаев, тел.: 8 702 360 36 49).

Түрксіб ауданы. Желтоқсан саябағындағы және Монтажная мен Свободная көшелеріндегі ор; Пархач көлінің жағасы; Ахметов көшесі, 4 А мекенжайындағы және «Қайрат» ықшамауданындағы иесіз учаскелер.

(жауапты Нұрлан Парнбаев, тел.: 8 775 604 66 94).