Қазақ ПЕН клубы жарыққа шығарған кітаптарын кітапханаға сыйға тартты

Қазақ ПЕН клубы жарыққа шығарған кітаптарын кітапханаға сыйға тартты
Сурет: Ашық дереккөз

Баға жетпес рухани құндылық

Бүгін Алматыда Қазақ ПЕН клубы жарыққа шығарған кітаптарды Ұлттық кітапханаға сыйға тарту акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақ ПЕН клубының бұл әдеби жобасы - ұлттық әдебиетімізді әлем жұртшылығына насихаттау және ілгерілету мақсатында қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жазушылардың, қазақ классиктерінің шығармашылық мұрасын ағылшын тіліне  аударып, оқырмандарға ұсыну.

Кітапхана қорына  қазақ классиктері мен ақын-жазушыларының, соның қатарында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың соңы» Олжас Сүлейменовтің «Сөз шифры», Мұқағали Мақатаевтың «Таңдамалы поэзиясы», Смағұл Елубайдың «Жалғыз сенің», Абайдың «GHAQLIA», Мұхтар Әуезовтың «Таңдағы ару» шығармалары, Герольд Бельгердің, Қажығали Мұханбетқалиев, Қалихан Ысқақов, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллиннің АҚШ пен Англияда ағылшын тіліне аударылып, жарық көрген кітаптары сыйға тартылды. Бұл кітаптардың кітапхана қорынан лайықты орын алып, сан мыңдаған оқырмандар үшін баға жетпес рухани құндылық болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, жазушы Раушан Бүркітбаева-Нукенова «Табун лунных ночей», «Свет кочевой звезды» атты кітаптарын және тарих ғылымдарының докторы, профессор Мухамбедия Акишев «История цивилизации непокорной степи» атты кітаптарын өз қолтаңбаларымен кітапхана қорына сыйға табыстады.

Шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты.