Аягүл Миразова: Қазақ қара түсті киім кимеген

Аягүл Миразова: Қазақ қара түсті киім кимеген
Сурет: Egemen.kz

Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, тарс бүркеніп еді?

Бұл мәселе қоғамда алғаш рет айтылып отырған жоқ. Бүгін тіпті Президенттің өзі Ұлттық құрылтайда осы мәселені көтерді.

Бұл жайтқа қатысты  Қазақстанның Еңбек Ері, білікті педагог Аягүл Миразова да өз пікірін қосты.  

«Ата-бабамыз ислам дінін ұстанбады ма? Бес уақыт намазын қаза қылмай өтемеді ме? Олар қай қызына  хиджаб кигізіп,  тұмшалады?  Қазақ қан жұтқан қайғының ортасында да қара түсті киім кимеген. Ақ орамалды қызы жат жұрттық атанып, өзге үйдің босағасынан келін болып оң аяғымен аттаған сәттен бастап тартқан», - дейді А.Миразова.