Туристерге ягуар шабуыл жасады

Туристерге ягуар шабуыл жасады
Сурет: pixabay.com

Перудегі Пуэрто-Мальдонадо маңындағы джунглиге экскурсияға шыққан туристерге ягуар тап беріп, видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

Видеода жабайы аңның алдымен алыстан бақылап тұрғанын, кейіннен адамдарға қарай секіргенін көруге болады.

Қорыққан саяхатшылар оны үркіту үшін қатты айқайлай бастайды. Бірақ ягуар қайта шабуыл жасап, гидтің аяғын жарақаттайды.

Туристер айналасындағы өсімдіктерді пышақпен кескілеп, жан-жағын сабай жөнеледі. Осыдан кейін ғана жабайы мысық артқа шегініп, бой тасалайды.