Қай қалада қашықтан жұмыс істеген тиімді?

Қай қалада қашықтан жұмыс істеген тиімді?
Сурет: Inbusiness.kz

Жұмыс беруші мен жұмыс іздегендерді табыстыратын алаң – hh.kz сервисінің мәліметі бойынша.

Мұндағы ұсыныстардың көбі Алматы қаласы мен елордаға тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан.

Аталған мегаполистерде қашықтан жұмыс істеу бойынша ең көп ұсыныстар тіркелген. 2021 жылы Алматыда төрт мыңға жуық, ал Нұр-Сұлтанда үш мыңға жуық жұмыс беруші осындай талаптар бойынша маман іздеген. Олардан кейінгі орында Қарағанды, Шымкент және Атырау тұр.

2021 жылы жұмыс берушілер қашықтан жұмыс істейтіндерге ұсынғысы келген орташа жалақы 156 000 теңге болған.  Дегенмен, елордадағы жалақы көлемі әлдеқайда жоғары – шамамен 312 мың. Одан кейінгі жоғары жалақы Алматыда  – 240 мың теңге және Шымкентте – 215 мың теңге.

Өз қызметкерлеріне кеңседен тыс жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынуға дайын компаниялардың жетекші үштігіне мыналар – ақпараттық технологиялар, іскерлік қызметтер және білім беру мекемелері (мемлекеттік емес)  кіреді.