Алматыда апатты үйді бұзуды талап еткен тұрғындарға қандай жауап берілді?

Алматыда апатты үйді бұзуды талап еткен тұрғындарға қандай жауап берілді?
Сурет: Inform.kz

Алматылық тұрғын апатты үйді бұзу туралы талабын плакатқа жазып, терезесіне іліп қойған.

Қала әкімдігі осы мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тозығы жеткен үй тұрғындарының бірі терезесіне үйді бұзуды талап еткен плакат іліп қойған сурет пайда болған еді. Сонымен қатар, хабарламада қалалық әкімдіктің бұзуға рұқсат бермейтіні туралы жазылған. Алматы әкімдігі жазбаға қатысты түсінік берді.

«Бізді тез арада бұзыңыздар» деген белгісі бар үй Шевченко көшесі, 113 мекенжайда орналасқан және Алматы қаласындағы ескі үйлер тізіміне кіреді. Реновация аясында (Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен) аталған учаскеге әлеуетті инвестор – «ВЕК корпорациясы» құрылыс компаниясы тартылды.

Қазіргі кезде құрылыс салушы мен тұрғындар арасында сатып алу шарттары бойынша келіссөздер жүргізілуде.

«Құрылыс компаниясынан ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі салдарынан құрылыстарды сүру бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім берілмейтін болды. Ескертулер жойылған жағдайда мәселе заңға сәйкес қаралатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.