Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев  Жәнібек Әлімханұлын  жеңісімен құттықтады
Сурет видео скрині
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын  жарқын жеңісімен құттықтады.
"Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!", - деп жазды Мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) парақшасында.