Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин стратегиялық әріптестікті талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин стратегиялық әріптестікті талқылады
Сурет: Inform.kz


«Орталық Азия – Ресей» 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасқан.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.
Президенттер тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.