Әлемдегі ең сұлу арудың есімі белгілі болды – БАҚ

Әлемдегі ең сұлу арудың есімі белгілі болды – БАҚ
сурет: wikimedia

Дауыс беруге 116 елден 1 миллионнан астам адам қатысты

Әлемдегі ең сұлу ару Оңтүстік Кореяның әншісі, актриса әрі модель Ким Джису болып танылды. Бұл арада бес ай бойы әртүрлі ел тұрғындары арасында өткізілген онлайн-сауалнама деректері негізінде таңдау жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Nubia онлайн-журналының хабарлауынша, дауыс беруге 116 елден 1 миллионнан астам адам қатысты.
Black PINK тобының мүшесі Джитсу 500 мың дауыс жинады. ІІ-орында - тайваньдық ән орындаушы және Twice ұжымының солисі Чжоу Цзу Ю. ІІІ-орынды Blackpink тобы құрамындағы тай әншісі, биші әрі рэпер Лалиса Манобан еншіледі, деп жазады басылым.

Бұған дейін аталған журнал әлемдегі ең сұлу жігітті таңдау үшін 11 елден 189 миллионнан астам адамды сауалнамаға тартқан. Нәтижесінде І-орынды қытайлық актер әрі әнші Сяочжан алды, ол 2,2 миллионнан астам дауысқа ие болған.