Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті

Қасым-Жомарт Тоқаев:  Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. 

Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. 

Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде.