Алматының білім саласына қатысты маңызды 10 дерек

Алматының білім саласына қатысты маңызды 10 дерек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматының білім саласына қатысты деректер:

  1. Жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34 300 бала қабылданды
  2. Бірінші сыныпқа 12 мыңнан астам бала барған.
  3. Биыл қалалық тәлімгерлік бағдарламасын енгізу арқылы дуальды білім беру механизмі қайта құрылды.
  4. Алматыда тапшылық мәселесін түбегейлі шешуде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиімді іске асыру асында 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың орындық 22 мектеп салынды.
  5. Биыл тегін тамақпен 133 мыңнан астам оқушы қамтылады.
  6. Биыл жыл соңына дейін барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады.
  7. Алғаш рет 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылады.
  8. Биыл алғаш рет Алматыда мектептер мен колледждерде мұғалімдер 28 мыңнан асты
  9. Инклюзивті білім беру мұғалімдерінің білімін жетілдіру жөніндегі жоба алғаш рет іске асырылып жатыр, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 7 мыңға жуық адамды қамтитын 1,9 млрд. теңге бөлінді.
  10. Жас мұғалімдерді қолдау үшін «Алматы Жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету квотасын арттыру жалғасады