Орталық сайлау комиссиясы жаңа депутаттарды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы жаңа депутаттарды тіркеді
Сурет: Election.gov.kz

Үш облыстың Сенат депутаттары тіркелді.

Жаздың соңғы күні Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың жаңа депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 31 тамызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 

Отырысқа Парламент Сенатына сайланған депутаттар және бейнеконференция байланысы режимінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров отырысты аша отырып, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын атап өтті.