Қаржыландыруға псевдоғалымдар «майшелпек» ретінде қарамауы керек

Қаржыландыруға псевдоғалымдар «майшелпек» ретінде қарамауы керек
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаражаттың бәрі «құмға сіңген судай» болған «Парасат» холдингінің жағдайын, ал бұрынғы басшының АҚШ азаматтығын алып, елден кеткенін еске алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыруға ғалымдар, нақтырақ айтқанда псевдоғалымдар «майшелпек» ретінде қарамауы керек екенін баса айтқым келеді. Қаржы гранттарының көбінесе ғылыми маңызы, өзектілігі жоқ жобаларға берілетіні ешкімге жасырын емес. «Парасат» ғылыми холдингінде болған өкінішті жағдай – осының анық мысалы. Бөлінген қаражаттың бәрі құмға сіңген судай болды. Ал оның бұрынғы басшысы, химия ғылымдарының докторы Америка азаматтығын алып, отбасымен бірге елден кетіп қалды. Еліміздегі зерттеу университеттерінің санын біртіндеп көбейту қажет. Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу тәжірибесін жалғастыру керек», - деді Тоқаев.