Қарашаның басында күн жылы болады

Қарашаның басында күн жылы болады
Сурет: Самат Құсайынов

Синоптиктер күздің үшінші айының басында күн жылы болады деп болжады.

Бұл ретте республиканың басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуымен жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпінді жел соғады, күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде – қарашаның басында, ал бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды деп болжанады.

Қарашаның бірінші онкүндігінің соңы мен екінші онкүндігінің басында антициклонның әлсіреуімен күн жылынады.

Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде де күн райы құбылмалы болады: жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел болжанды. Солтүстік облыстарда кей күндері бұрқасын болуы мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында көктайғақ пен тұманды болады.

Алдын ала болжам бойынша қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, Жетісудың оңтүстігінде және Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормаға жақын болады деп болжанды.

Қараша айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, Қызылорда, Түркістанның басым бөлігінде, Жамбылдың солтүстік-батысында, Маңғыстау, Ақтөбенің оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанды.