«Қазақфильм» киностудиясына ұлттық мәртебе беріледі

«Қазақфильм» киностудиясына ұлттық мәртебе беріледі
Сурет: Aikyn.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ болып қайта құрылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бұл өзгеріс шығарылатын фильмдердің сапасын арттыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр», - делінген құжатта. 

Сондай-ақ жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтіні жазылған. Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.