Қапшағайлық балықшылар құтқарушылар кеңесін ескерер емес

Қапшағайлық балықшылар құтқарушылар кеңесін ескерер емес
Сурет: Astanatv.kz

Балық ауламақ болған балықшы мұзға шыққан. 

2024 жылғы 19 ақпанда сағат 12:12-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қонаев қаласы Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, мұз үстінде адам қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу барды. 

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін бұл азаматтың балық аулау үшін мұзға шыққаны анықталды. Алайда, мұз жағадан бөлініп, балықшы өздігінен жағаға орала алмаған. Құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, азамат эвакуацияланды. 

Бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес су айдындарында (мұзда) қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалыптасқан тұрақсыз ауа-райына байланысты және жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұқа мұзда жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу мақсатында Алматы облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жұқа мұзға шығудан бас тартуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас жағдай осыдан екі күн бұрын да болған еді. Бұл туралы бірер күн бұрын сайтымызда хабарлаған болатынбыз.