«Қаңтар оқиғасында» ұрланған карабин табылып, тәркіленді

«Қаңтар оқиғасында» ұрланған карабин табылып, тәркіленді
Сурет: baurzhan__alenov

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтаған 1996 ж. Т. есімді азаматты анықтап, ұстады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Тексеру барысында күдіктіден 2022 жылы “қаңтар оқиғасы” кезінде ұрланған карабин табылып, тәркіленді . Аталған дерек бойынша атыс қаруын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша іс қозғалды.

Тінту барысында табылған қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды.