Дәріні дрондар тасиды

Дәріні дрондар тасиды
Сурет: интернеттен

Құрылғы әзірге 10 шақырымға дейін ұшырылады, 500 г салмақты көтере алады.

Жаңа жобаны Қ.Сәтпаев университетінің студенттері жетекшілерімен бірге жасап шығарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданды.

“Дәрі-дәрмекті гексакоптер арқылы жеткізу болашақта үйреншікті іске айналады”, - дейді жоба авторлары.

 Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар мен шалғайдағы ауыл-аймақ тұрғындары үшін үлкен көмек болатынына сенімді.