Мемлекеттік маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальт төселді

Мемлекеттік маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальт төселді
Сурет: Inform.kz

Жол құрылысына 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды.

Биылғы жол құрылысы маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдарға 3 млн тоннадан астам асфальтбетон жабыны төселді. Сонымен қатар 18 көпір, 6 мал өткелі, 325 су өткізгіш құбыр салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Қарағанды-Балқаш-Алматы», «Меркі-Бұрылбайтал», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Өнеге-Бисен-Сайхин» және т.б. күрежолдарда жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда 200-ге жуық учаске құрылыс жұмыстарымен қамтылып отыр. Жалпы, республикалық маңызы бар 7 мың шақырымға жуық жол құрылыс жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде 4 мың шақырым күрежолда қайта жаңарту жұмыстары жүргізілсе, қалған 3 мың шақырым тасжолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол құрылысына 7 мыңнан астам маман мен 5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.