Қаңтар оқиғасында терроризмге тартылғандар арасында шетелдіктер де болған

Қаңтар оқиғасында терроризмге тартылғандар арасында шетелдіктер де болған
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев хабарлады. 

Қаңтар айында орын алған араңдатушылық оқиғалар бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 26 қылмыстық іс қаралуда, мұндай топтардың 24 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ 46 адам терроризм мен экстремизм үшін сотталады»,  - деп жауап берді Әсет Шындалиев тілшілер қойған сауалдарға.

Спикер терроризм мен экстремизмге тартылғандардың арасында басқа мемлекеттердің азаматтары да бар екенін қоса айтты.