Қаңтар қасіреті туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

Қаңтар қасіреті туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін Астана уақытымен 21:30–да Jibek Joly арнасында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

- Оқиғаның сәт сайын, сағат сайын қалай өрбігенін көрсете отырып, ол қиындықтарды еңсеру үшін маңызды шешімдердің тізбесін баяндаймыз делінген деректі фильмнің әлқисасында.

Жаңа деректі фильмде қаңтар оқиғасына қатысты барлық жағдай мен айғақтар, құжаттар, фотолар мен бейнематериалдар қамтылған. Көрерменге болған оқиға басынан аяғына дейін көрсетіледі.

Бүкіл елді шарпыған Қаңтар кезеңі билікті басып алу үшін алдын ала, жан-жақты әзірлеген мемлекеттік төңкеріс ретінде тарихта қалады.